10 мам, 2024 сағат 09:30

Alma TV-ға хакерлік шабуыл жасалды

Фото: Sputnik / Владислав Воднев


Alma TV интернет арқылы хабар тарату кезінде хакерлік шабуыл жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.


9 мамырда аналогтық, цифрлық және спутниктік теледидар қызметтері штаттық режимде істеп тұрды. Ал сағат 12:02-де интернет-хабар таратуда үзілістер байқалды.


"Қызмет провайдерінен алынған мәліметтерге сәйкес, сәтсіздікке көп деңгейлі кибершабуыл себеп болды. Компания мамандары оқиғаға жедел әрекет етіп, сервистің жұмысын қалпына келтіру үшін қажетті шараларды қабылдады", - делінген ресми хабарламада.


Қазіргі кезде бұл қызмет толық қалпына келтірілді және штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Ал компания осы оқиғадан туындаған уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап отыр.