
Белгілі актер, әнші, Мәжілістің экс-депутаты Нұрлан Әлімжанов Нұр-Сұлтан қаласының мәдениетін басқармасына басшы болып келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.
Нұрлан Әлімжанов 1984 жылы 29 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Ол - танымал ақын, жазушы, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер Баянғали Әлімжановтың жалғыз баласы. Кішкентай кезінде ғарышкер, кейін десантшы болуды армандаған Нұрлан Әлімжанов кейін әкесінің ізімен жүріп, шығармашылыққа бет бұрады. Айтуынша, алғаш рет 8-сыныпта ән шығарған.
Ол 2005 жылы Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Музыкалық театр мен кино актері» факультетін, 2016 жылы Алматы экономика және статистика академиясының «Экономика и бизнес» факультетін бітірді.
2003-2008 жылдары Ғ. Мүсірепов атындағы Мемлекеттік академиялық театрының актері.
2018 жылдың қазан айынан бастап «Қазақстанның Денсаулық елшісі».
2019-2021 ж.ж. – ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты.
Көпшілікке «Ағайындылар», «Теміртау көктемі», «Балалық шағымның аспаны», «Жау жүрек мың бала», «Көшбасшының жолы – Темір тауы», «Көшбасшының жолы – Отты өзен», «Тығырықтан жол тапқан» көркем фильмдері арқылы танымал.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының және Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттарымен мараптталған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013 г.), «Серпер» жастар сыйлығының иегері, «Нұр Отан» партиясының «Жас тұлпар» жастар сыйлығының лауреаты.
1331 рет оқылды