
Алматыда Алғыс айту күніне орай «Қамқорлық» акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қамқорлық» акциясы аясында алматылық волонтерлер жалғыз басты зейнеткердің ауласын қардан тазалап берді.
«Бүгін - алғыс айту күні. Маған көмектескен барлық жастарға алғыс айтамын. Сіздерге денсаулық және сәттілік тілеймін. Көп-көп рахмет», - деді алматылық зейнеткер Ольга Чаадаева.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл күн адами қарым-қатынастың құндылығын, адалдықты, парыз бен жауапкершілікті еске салады.

«Үлкендерге қамқорлық көрсету біздің басты парызымыз. Қарттарды сыйлау әрбір азаматтың міндеті. «Қарты бар ел-қазыналы ел», демекші үлкендерді құрметтейтін қоғамның ғана болашағы зор болатынын ұмытпауымыз керек», - деді «Қарлығаш» бос уақыт өткізу орталығының жетекшісі Атыркүл Сағындықова.
