07 там, 2019 сағат 04:56

Әлемдік мұнай бағасы арзандады

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында cейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Лондондағы ICE Futures биржасында қазан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 1,42 долларға арзандап, 58,63 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қыркүйек айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 1,06 долларға төмендеп, бір баррелі 53,63 доллар болды.