12 сәу, 2021 сағат 21:08

Алдағы күндері 5 өңірде өзендердің суы тасуы мүмкін

12-16 сәуір аралығында Қазақстанның 5 өңірінде өзендердің суы арнасынан көтерілуі мүмкін. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

«12-16 сәуір аралығында Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарының аумағында еріген қар ағынының қалыптасуына және күннің жылынуына байланысты өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі және жайылмалық аумақтарға судың тасуы болжанады», - делінген хабарламада.