24 нау, 2024 сағат 14:22

Алдағы 7 күнде ауа райы болжамы қандай?

© Sputnik / Абзал Калиев
«Қазгидромет» РМК алдағы 7 күнге ауа райы болжамын жариялады деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Қазақстан аумағының қармен жабылған ауданы 55%-ды құрайды.

Синоптикалық болжамға сәйкес, 2024 жылғы 23-29 наурыз аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Жаңбыр, тұман, желдің күшеюі болжануда. Қатты жаңбыр 26 наурызда ҚР батысында (Батыс Қазақстан, Атырау), 26-27 наурызда солтүстік-батыста (Ақтөбе, Қостанай), 23, 26-28 наурызда республиканың оңтүстігінде (Түркістан облысы), 28-29 наурызда еліміздің оңтүстік-шығысында (Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстары) күтіледі.

Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасының айтарлықтай жоғарылауы күтіледі.

Гидрологиялық және метеорологиялық жағдайлар күрт өзгерген жағдайда «Қазгидромет» су тасқыны қаупі туралы дауылды ескертулермен алдын ала хабардар ететін болады.