29 мам, 2025 сағат 13:25

Алакөлге жаңа рейс ашылды: Биыл демалыс бағасы қанша?


Фото: ortcom.kz


SCAT әуе компаниясы 2025 жылдың 1 маусымынан бастап Алакөлге жетуді жеңілдететін рейсті іске қосады. Анығырақ айтқанда, бұл көлге жақын орналасқан Үшарал қаласына қатынайтын жаңа субсидияланған рейстер. Рейстер Астана мен Алматыдан аптасына 7 рет орындалатын болады. Бір бағытқа билет құны – 20 мың теңге. Әуе компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, ұшулар ішкі туризмді дамытуға және көліктің қолжетімділігін арттыруға бағытталған әуе саяхатын субсидиялау бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдаумен орындалады. Осы орайда Ult.kz тілшісі биыл Алакөлдегі демалыс қаржысы қаншаға шығатынын есептеп көрді. 


Алакөлде қай айда барған дұрыс?


Әрине, алдымен Алакөлге қай айда барған дұрыс деген сұрақ туындайды. Ауа мен судың ең жоғары температурасы шілде-тамыз айларында болатыны белгілі.  Егер адам демалысты баламен жоспарласа немесе демалушының жүрегінде ақаулар болса, маусымның басынан бастап және тамыз айының ортасынан кейінгі күн белсенділігі шілде айына қарағанда біршама төмен болатын кезеңді қарастырған дұрыс.


Жалпы Алакөлде барқыт маусымы тамыз айында басталады. Әрине, нақты күндер нақты жылға және ауа-райына байланысты өзгеруі мүмкін. Алакөлге турлар тек жоғары маусымда тамыз айында ғана емес, жаз мезігілінң басынан-ақ сұранысқа ие болады. 


Туристер көбіне демалу үшін Шығыс Қазақстан облысының жағында орналасқан жағалауды таңдайды. Бұл жағалалу тегіс жанартаулық малтатастарға толы, ал су қоймасына түсу тегіс. Дегенмен Алакөлдің қай жағасына барсаңыз да, суы шипалы, демалыс орындары ыңғайлы деуге болады.


Алакөлде демалу тері және өкпе ауруларын емдеуге көмектеседі және буын ауруын басады. Көптеген туристер жазда жағажайда демалғаннан кейін күзде және қыста суық тиюден, тұмяаудан аса зардап шекпейтінін айтады. Сірә, бұл хош иісті дала шөптері мен тұзға қаныққан теңіз ауасына байланысты.


Алакөлдегі ТОП 10 ең жақсы демалыс орындары


Marsell отбасылық демалыс орталығының бағасы маусым айында 18 500 теңгеден басталып, 30 000 теңгеге дейін барады. Бұл бағаға күніне 3 мезгіл тамақ кіреді. Шілде-тамыз айларында бағаның өсетінін де ескеруіміз керек. 


Оазис Алакөл демалыс орталығының 2025 жылға бағалары 1 күнге, бір адамға, күніне 3 мезгіл тамақпен 10 000 теңгеден басталып 21 000 теңгеге дейін барады. Әрине, жаз мезгілінің үш айына қарай баға шамалы өзгеріп тұрады. 


Rivera қонақ үй кешенінедегі баға 16 000 теңгеден басталып, 24 500 теңгеге дейін болады. Бұл баға ішіне таңғы ас кірмейді.  Ал үш мезгіл тамағын қосатын болсаңыз, ересектерге - 11 000 теңге, балалаларға - 8 000 теңге. 


Ал Алмас Бриллиант демалыс орталығының бүкіл аумағы қоршалған және күзетілген. Жасыл көгал, плиткалы үйлер арасындағы жолдар, хош иісті гүлдер, балаларға арналған алаңқай. Мұндағы баға 26 500 теңгеден бастап 90 000 теңгеге дейін барады. Және мұнда да баға жаз айларына қарай өзгеріп отырады. 


«Aquamarin Resort» демалыс үйі – бұл әр қонақтың таңдауына әр түрлі жайлылықтағы бір бөлмелі, екі бөлмелі және үш бөлмелі нөмірлері бар 128 коттеджден тұратын отбасылық қонақ үй кешені. Жеке террасасы бар барлық бөлмелер экологиялық таза табиғи материалдардан жасалған және ашық түстермен безендірілген. Мұндағы баға 24 500 теңгеден басталып, 100 000 теңгеге дейін барады. 


«Atlantis» отбасылық демалыс орталығы 26 000 теңдеген  72 000 теңгеге дейін барады. Бұл демаолым орнында да баға раз мезгілінің әр акына қарай өзгеріп отыратынын ескеруіміз керек. 


Comfort релаксация аймағының әр күні 50 000 теңгеден 250 000 теңгеге дейін болса «Alakol Family Club» демалыс орталығының бағасы 16 000 теңгеден басталып, 40 000 теңгеге дейін болады. Сонымен қатар, бұл аталған демалыс орындарының да бағасы жаз мезгілінің айларына қарай өзгеріп отырады. 


Сонымен қатар жеке үй, жеке коттедж жалдайтын болсаңыз, олардың бағасы 120 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін барады екен. Қалтаңыз көтеретіне қарай, әртүрлі жағдайдағы жеке үйлерді жалдауыңызға болады.

Алакөлді таңдаудың себептері


Алакөл – Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан ащы тұзды көл. Көлдің ауданы, аралдарды қоса алғанда, шамамен 2700 шаршы шақырымды алып жатыр.


Су иммундық жүйені керемет түрде нығайтады. Бір кездері ғарышкерлер оңалту үшін емделуге шығыс жаққа келген деген ақпарат та бар. 


Алакөлдің суы мен қара балшығы ауырсынуды жеңілдетуге, иммундық жүйені нығайтуға және депрессия белгілерін жоюға көмектеседі. Балшық көздеріне бару терінің күйі үшін үлкен маңызға ие: саздың компоненттері эпидермисті тазартады және сергітеді, оны пайдалы микроэлементтермен және минералдармен қанықтырады.


Ақбота Мұсабекқызы