01 нау, 2021 сағат 14:26

Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысты. Үш бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылы мен Тілеу батыр көшесінің қиылысында №12 бағыттағы автобус пен «Daewoo Nexia» автокөлігі соқтығысты. 

«Daewoo Nexia» автокөлігіндегі үш бала облыстық балалар ауруханасына тексеру үшін жеткізілді. Сонымен бірге бірнеше жолаушы жедел медициналық жәрдем көрсету ауруханасына барды. Автобус салонында шамамен 15 жолаушы болған. Қазіргі мәлімет бойынша, зардап шеккен жолаушы жоқ», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.