
Ақтөбе облысында 500-ден астам медицина қызметкері вакцина қабылдады, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Ақтөбе облысы бойынша медицина қызметкерлеріне 1 мың доза вакцина жеткізілді. Олар 8 емханаға таратылды. Қазір облыс орталығында вакциналау жұмыстары жүріп жатыр.
«Төрт күннің ішінде 500-ден астам медицина қызметкері вакцина қабылдады. Осы күнге дейін ауырып, шағым айтқан адам болмады. Медицина мамандары мен мен эпидемиологтарды вакциналау жалғасады, жедел жәрдем қызметкерлері де қабылдайды. Екпе қабылдау немесе одан бас тарту әр қызметкердің еркінде. Жұмыстан шығару, қудалау болмайды», - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.
