Фото: Қобда ауданы әкімдігі
Эпидемиолог мамандар үш дүкеннен техникалық регламенттерге сай емес өнім түрлерін тәркілеген, деп хабарлайды Ult.kz Qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап.
Қобда ауылындағы дүкеннен кептірілген асшаянның 13 данасы алынып, сараптамаға жіберілді.
Еске салайық, екі күн бұрын дәл осы Қобда ауылында оқушылар уланып қалды. Балалардың бірі қытайлық белгісіз тағамды сатып алып, сыныптастарымен бөліскен. 7 бала мен тағы екеуіне улану диагнозы қойылды. Олар кеше ауруханадан үйлеріне шығарылды.