30 қыр, 2024 сағат 13:08

Ақтауда декреттік демалыстағы әскери қызметкер өз үйінде өлі күйінде табылды

Фото: ашық дереккөз

Ақтау гарнизонында Қорғаныс министрлігіне қарасты келісімшартпен қызмет атқаратын 39 жастағы әскери қызметкер өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оқиға 28 қыркүйек күні орын алған.

"Ақтау гарнизонында келісімшарт бойынша қызмет ететін 1985 жылғы әскери қызметкердің денесі табылды. Ол бір жылға жуық декреттік демалыста болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, оның өзіне қол жұмсауына отбасылық-тұрмыстық жанжал себеп болуы мүмкін. Қазір оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр", — деп мәлімдеді Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі.


Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Әуе қорғаныс күштерінің қолбасшылығы марқұмның отбасына және жақындарына көңіл айтты.