28 жел, 2024 сағат 13:22

Ақтау маңындағы ұшақ апатын тергеуге Түркиядан келген мамандар жұмылдырылды


Фото: t.me/qr_tjm


Бұл туралы Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоглу мәлімдеді, деп хабарлайды Anadolu Ajansı.


Оның айтуынша, Әзербайжан әуе жолдарының құлаған ұшағын тергеуге 8 адамнан тұратын түрік мамандары тобы қатысады. Сараптама комиссиясы Әзербайжан Мемлекеттік азаматтық авиация агенттігінің өтініші бойынша құрылған.


– Біз техникалық және операциялық талдау жүргізіп, қажетті қолдау көрсетеміз. Біз құзырлы органдармен келісе отырып, оқиғаның толық мән-жайын анықтап, нәтижелерін хабарлайтын боламыз, - деді ол.


Оралоглу делегацияның 27 желтоқсан күні кешке Бакуге аттанғанын айтты.


- Түркия кез келген жағдайда Әзірбайжанды қолдайды, - деді ол.


Министр ұшақ апатында қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.


Бұған дейін Ақтауға апатқа ұшыраған Embraer ұшағының өндірушілері келгені хабарланған болатын.


Желтоқсанның 25-і күні Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан Әзірбайжан әуе жолдарының ұшағы Ақтау маңында Қазақстан аумағында құлады. Бортта 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Оқиға салдарынан 38 жолаушы қаза тапты.