
Ақмола облысының Аршалы ауданы Бұлақсай ауылындағы мектептің жылу қазандығы жарылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық ТЖД сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға туралы хабар бүгін сағат 13:10-да түскен.
«Төтенше жағдайдың салдарынан мектептің жылу қазандығының аумағы 7 шаршы метр болатын бір қабырғасы құлады», - деді ведомстводан.
Ақмола облысы білім басқармасының ақпараты бойынша, мектепте 114 оқушы оқиды және оқиға болған сәтте олар үйде, қашықтықтан оқытуда болған.
Қазіргі кезде Ақмола облысының полиция департаменті тексеру жүргізуде.


