20 қаз, 2024 сағат 12:43

Ақмола облысында жетінші баласына жүкті 34 жастағы әйел қайтыс болды

Фото: Pexels.com

Ақмола облысының Бестөбе ауылында жетінші баласына жүкті, алты баланың анасы болған 34 жастағы әйел жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды, деп хабарлайды Ult.kz sinegor.kz парақшасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 18 қазан күні кешке болған. Әйел үйде отбасымен бірге болып, өзін нашар сезініп, шаршағанын айтып, демалуға жатқан. Туыстары оны өлі күйінде тапқан. Жүктіліктің мерзімі 34 апта болған.

Жедел жәрдем қызметкерлері ақмолалық әйел олар келгенге дейін қайтыс болғанын растады. Алдын ала өлім себебі – жедел жүрек жеткіліксіздігі. Зорлық-зомбылық белгілері табылмаған.

Полиция Бестөбе тұрғынының өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын, сараптамалар мен тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Қылмыстық кодекстің бабы бойынша басқа ақпарат жариялауға жатпайды.