19 сәу, 2024 сағат 20:30

Ақмола облысында жас баланың мүрдесі табылды: полиция іс қозғады


Фото: Ашық дереккөз


Ақмола облысында жас баланың өліміне байланысты полиция іс қозғап, тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Ақмола облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазіргі кезде күдікті ұсталып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.


«Полиция департаменті жас баланың өліміне байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлайды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары және басқа да процессуалдық шаралары жүргізіліп жатыр. Баланың өліміне күдікті ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», - деп түсіндірді Kazinform тілшісінің сауалына ПД баспасөз қызметінен.


Осы ретте, әлеуметтік желіде баланың 2020 жылы қайтыс болғаны және жасы шамасы 2-де екені, сондай-ақ, 65 жастағы әжесінің немересін бау-бақшаға жерлегені айтылады.