Фото: бейнеден скриншот
Көші-қон қызметінің қызметкерлері Вера Павловнаның үйіне барып, оған жаңартылған жеке куәлігін табыстады, деп хабарлайды Ult.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
"Біз, қарт адамдар, көп нәрсе сұрамаймыз. Тек сәл көңіл бөліп, қамқорлық танытып, құрмет көрсетсе болғаны", – деді қария.
Вера Павловна өз жасына қарамастан, денсаулығының жақсы екенін айтып, қонақтарына да сондай денсаулық тіледі.
Полицейлер болса бұл құжаттың да мерзімі аяқталғанда тағы да кездесіп, жаңа куәлік табыстауға әзір екендіктерін жеткізді.
