Фото: ашық дереккөз
Бұл жөнінде Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов өзінің Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды Ult.kz.
Оның сөзінше, папиллома вирусына қарсы екпені ерікті түрде ұл балаларға да салу керек. Себебі бұл ер адамдарда кездесетін қатерлі ісік ауруларының алдын алуға мүмкіндік береді.
«Адам папилломасы тек «әйел вирусы» емес. Бұл вирус жатыр мойны қатерлі ісігін ғана емес, жұтқыншақ, ауыз қуысы, тік ішек ісіктеріне де себепші болуы мүмкін, соның ішінде ер адамдарда да. Көптеген елдерде ұл балалар да қыздармен бірге вакцина алып жүр. Біз де осы қадамды жасауды ұсынамыз - ерікті, өз қалауы бойынша, бірақ қолжетімді етіп», - деді Асхат Аймағамбетов.