25 ақп, 2025 сағат 16:27

8 наурыз қарсаңында бір реттік әлеуметтік төлем беріледі

Фото: Laro.kz

Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай "Алтын" және "Күміс" алқа иегерлері, "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға 5 АЕК мөлшерінде (19 660 теңге) бір реттік әлеуметтік төлем жасалады, деп хабарлайды Ult.kz.

«Бір реттік әлеуметтік төлем үшін көпбалалы аналардың тізімі "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорциясы КЕАҚ базасынан алынады», - деп жазылған хабарламада. 


2025 жылғы 1 ақпандағы мәлімет бойынша Шымкенттегі көпбалалы аналар саны - 67 741, оның ішінде "Алтын алқа", "Күміс алқа" белгілерімен марапатталғандар - 13 805. Көпбалалы, яғни 4-5 баласы бар аналар саны - 53 936.