
Алдағы жексенбі күні елордада қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.
«Жексенбі күні, 4 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, елордада қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Дезинфекциялық жұмыс жүргізіледі», делінген хабарламада.
Жолаушылар тасымалымен айналысатын компания өкілі қоғамдық көлікте бетперде тағу режимін сақтауды сұрайды. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.
