Фото: upl.uz
Сенбі күні Еуропа, Батыс Африка, Солтүстік Азияның тұрғындары күннің жартылай тұтылуының куәсі бола алады, деп хабарлайды Ult.kz Euronews -ке сілтеме жасап.
Күннің жартылай тұтылуы кезінде Айдың көлеңкесі Күннің бір бөлігін ғана жауып, ол жарты ай сияқты болады.
"Тұтылу дегеніміз Күн, Ай және Жердің жарық пен көлеңке ойыны", - деді Монреаль планетарийінің өкілі Ауриан Эгал.
NASA дерегінше, Күн мен Ай тұтулары жылына 4-7 рет болады. Әдетте бұл табиғи құбылыстар қатар жүреді. Мәселен, наурыз айының ортасында толық айдың тұтылуы Айды қызыл түске бояды.
Солтүстік және Оңтүстік Американың көп бөлігінде күннің тұтылуы таңсәріде болады. Батыс Еуропа мен Африкада – таңғы уақытта, ал Шығыс Еуропа мен Солтүстік Азияда күннің екінші жартысында байқалады.
"Бұл бұлтты күнге ұқсайтын болады", - деді Еуропалық оңтүстік обсерваторияның өкілі Хуан Карлос Муньос-Матеос.
Бұл құбылысты бақылау үшін күннен қорғайтын көзілдірік киген жөн.