29 қаң, 2024 сағат 10:05

Сирияда соғысқан қазақстандық елге жеткізілді

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сирияда соғысқан қазақстандықты елге жеткізді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 27 қаңтарда халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы болуы мүмкін күдікті 22 жастағы қазақстандық Стамбулдан Алматыға айдауылмен депортацияланды.

"Тергеу материалдарына сәйкес, Түркістан облысының тумасы 2020 жылы Сирияға кетіп, онда әрекеттегі қарулы топтардың біріне кірген.

ҰҚК күдіктіні ұстау және отанына беру операциясын түркиялық серіктестерімен бірлесіп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Ішкі істер министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Ұсталған адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабына сәйкес террористік әрекетке қатысу фактісі бойынша қылмыстық іс тергеп-тексеріліп жатыр. Ол сот санкциясымен қамауға алынды" - делінген хабарламада.

ҰҚК мәліметінше, қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.