10 нау, 2021 сағат 15:15

21 наурыздан бастап Түркістаннан Түркияға әуе рейсі ашылады, билет құны - 40 мың теңге

Түркістан қаласындағы жаңадан ашылған әуежайдан ұшатын алғашқы халықаралық рейстерге билеттер сатыла бастады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

«Түркістан – Ыстанбұл – Түркістан» бағытындағы алғашқы рейс 2021 жылғы 21 наурызда ұшпақ. 

Бастапқыда Түркістан және Ыстанбұл қалалары арасындағы әуе қатынасы аптасына тұрақты түрде жұма, жексенбі күндері 2 реттік жиілікпен қойылып отыр. Кейін аптасына 7 рейске дейін ұлғайып, күн сайын ұшпақ. Билет бағасы 39 999 теңгеден басталады.

Әуе қатынасы кезінде барлық тиісті санитарлық-эпидемиялық талаптар қатаң сақталады. Ұшу кестелері «FlyArystan» әуе компаниясының ресми сайтында жарияланып тұрады.