Фото: Pexels.com
2025 жылдың басынан бастап медициналық анықтамалардың 8 түрі, соның ішінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен анықтамасы тек электронды форматта ұсынылады, деп хабарлайды Ult.kz ҚР Денсаулық министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл өзгеріс азаматтарға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында енгізіліп отыр. Қағаз түріндегі анықтамаларды алып жүру қажет болмайды — азаматтардың келісімімен электронды анықтамалар қажетті мекемелерге жіберіледі.
Электрондық қызметтерді енгізу үшін «Амбулаториялық-емханалық көмек» ақпараттық жүйесі арқылы жүйелер интеграциялануда.
Электронды форматқа ауыстырылатын анықтамалар:
- - Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
- - 075/е «Медициналық анықтама»
- - 026/е «ДКК қорытындысы»
- - 073/е «ТҚ басқаруға рұқсат туралы анықтама»
- - 069/е «Санаторийлік-курорттық карта»
- - 052-2/е «Баланың денсаулық паспорты»
- - 076/е «Қаруға рұқсат алу»
- - 038/е «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама»
Сонымен қатар, eGov Mobile қосымшасында азаматтар өздерінің жеке медициналық деректеріне қол жеткізе алатын «edensaulyq» бөлімі іске қосылған.