2023 жылдан бастап Қазақстанда медицина қызметкерлерін қаржылық және құқықтық қорғау жүйесі енгізіледі. Бұл туралы медицина қызметкерлерімен кездесу барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Медицина қызметкерлерінің еңбекақысы кезең-кезеңі мен көтеріліп келеді. Биыл 247 мың медқызметкердің айлығы өсті. Оның ішінде 74 мың дәрігерге 30%, 173 мың орта медицина қызметкерлеріне 25% алық қосылды. 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан 2,5 есе жоғары немесе шамамен 560 мың теңге болады. Ал орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 210 мың теңгеге жетеді, – деді Ералы Тоғжанов.
Сондай-ақ, вице-Премьер Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап медицина қызметкерлерін қаржылық және құқықтық қорғау жүйесі енгізілетінін атады.
