Фото: Ашық дереккөзден
Павлодар облысында шетелдік азаматтың өзін қандас ретінде таныстырып, мемлекеттен заңсыз әлеуметтік төлемдер алғаны анықталды. Бұл жөнінде Павлодар облысының прокуратурасы хабарлады, деп жазады Ult.kz.Құзырлы ведомствоның мәліметіне сәйкес, Ауғанстан Республикасының азаматы өз тегіне қатысты жалған құжаттар тапсырып, мемлекеттік көмекке ие болған. Кейін ол алынған қаржыға шамамен 20 млн теңгеге тұрғын үй сатып алған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Прокуратураның талап арызы бойынша сот аталған пәтерді мемлекет кірісіне тәркілеу жөнінде шешім қабылдады.
Сонымен қатар ведомство бұл сот шешімі әзірге заңды күшіне енбегенін атап өтті.
