10 сәу, 2021 сағат 17:06

10 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет 11 cәуірде Қазақстанның он өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

11 сәуірде Маңғыстау, Қызылорда және Түркістан облыстарында шаңды дауыл соғады. 

Түркістан облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, жел 23-28 метр секунд жылдамдықпен соғуы мүмкін. 

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау, Қарағанды облыстарында қатты жел соғады.

Ал Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі.