21 қыр, 2023 сағат 16:35

Зүлфия Сүлейменова Президенттің кеңесшісі болды

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Экс-министр Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Мемлекет басшысының өкімімен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Еуразия ұлттық университетінде "Халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша бакалавр, одан кейін магистр дәрежесін алды. 2019 жылы Президенттік жастар кадрлық резервіне енді.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінде климаттық саясат пен жасыл технологиялар депаратменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді. БҰҰ экономикалық және әлеуметтік комиссиясының консультанты, Президент жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері болды.

Ал 2022 жылы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Бұған дейін Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымын атқарды. Айта кетейік, Сүлейменова Үкіметтегі ең жас министр болды.