Елорда полицейлері психо-неврологиялық диспансерден қашып кеткен күдіктіні іздестіріп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«9 қазан күні сағат 12.22 шамасында Жансүгіров көшесі бойындағы психо-неврологиялық диспансерден ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы (зорлау) бойынша айыпталған ер адам қашты. Тергеу бойынша ұсталған ер адамды іздеуге қалалық Полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды», - делінген департаменттің хабарламасында.
Құқық қорғаушылар күдіктіні көрген адамдар болса 71-60-10, немесе 8(7172) 71-60-07, 71-60-29, 71-60-22, 71-63-29, 87018808070, 87789508176 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.
Қашып жүрген ер адамның бойы 175-180 см шамасында. Шашы қара, қысқа қиылған. Көзі қара. Қара күртеше киген. Үстіне «Italiy» жазуы бар «толстовка» бар. Басына қара түсті спорттық бас киім, бұтына қаракөк трико, аяғына қара туфли киген.