19 қыр, 2019 сағат 10:52

Жылжымалы фотокөрме - Ерейментау ауданында

Ерейментау ауданында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Өлке тарихы – Ел тарихы» жылжымалы фотокөрмесi өттi.

Жиналғандардың алдында құттықтау сөзiмен аудандық архив директоры сөз сөйлеп, фотокөрменi ашты. Көрмеге аудан әкiмi Нұғманов Ермек Бекенұлы, мәслихаттың депутаттары және хатшылары, ауданның құрметтi азаматтары, мемлекеттiк ұйымдардың қызметшiлерi, мектеп мұғалiмдерi мен оқушылары, колледж студенттерi қатысты.

Көрмеге келушiлер iс-шарадан үлкен әсер алып, өз лебiздерiн пiкiрлер кiтабында қалдырды.

Көрменің басты мақсаты - туған өлкеміздің, еліміздің даму тарихында алатын орны туралы фотоархивтік құжаттары арқылы жастардың білімін кеңейту, патриоттық сезімін қалыптастыру.

Сондай-ақ, кіші Отанының даму тарихын сипаттайтын архивтік-фотографиялық құжаттарды және оның елдің дамуындағы рөлін білу. 

Айта кетсек, бұл жоба Көкшетау қаласында басталып, өңірдің барлық аудандарына эстафетамен беріледі. Көшпелі көрме әрбір ауданда болып, көпшілікке ұсынылады. Көрме елдің өткені ғана емес, бүгінгі тіршілігін де қамтиды» деді ол. Көрмеде тәуелсіздік жылдарындағы елдің жарқын келбеті мен еңбегі де кеңінен көрініс тапқан. 

 «Өлке тарихы – ел тарихы» жобасы екі кезеңде жүзеге асырылады. Алғашқысында 1991-ші жылға дейінгі әр ауданның тарихы қамтылса, екінші кезеңінде Тәуелсіздік жылдарындағы өңір тарихы таныстырылады. Сан ғасырлар сорабын тарихпен әспеттеп, тайға таңба басқандай өткеніңді екшеп, бүгініңді саралап отыратын осындай құнды дүниелердің адам ғұмырында атқарар рөлі орасан. Бұл көрмеге тәуелсіздік алған жылдардан бастап күні бүгінге дейін суреттер қойылған.