Ақмола облысындағы Ақкөл қалалық аудандық мәдениет үйiнiң ғимаратында «Өлке тарихы – Ел тарихы» жылжымалы көрменiң салтанатты ашылуы өттi. Iс-шараны қазақтың ұлттық биiмен «Смайл» аудандық мәдениет үйiнiң би ансамблi ашты. Көрмеге жиналған қауым алдында Ақкөл ауданы әкiмiнiң орынбасары Г.Е.Әбiлхаирова және аудандық архив директоры С.Ш.Жусупов сөз сөйледi.
Көрмеге аудан әкiмiнiң орынбасарлары В.В.Елисеев, Ю.В.Курушин, облыстық мәслихаттың депутаты В.Н.Симчук, Ақкөл ауданының құрметтi азаматтары, қала және аудан ұйымдарының басшылары мен қызметкерлерi, ауылдық округ әкiмдерi және қала мен ауыл тұрғындары, педагогикалық ұжымдар, мектеп оқушылары, агротехникалық колледж студенттерi, №1 Ақкөл балалар үйiнiң тәрбиеленушiлерi, әскери бөлiмнiң әскери қызметшiлерi қатысты.
«Өлке тарихы – Ел тарихы» фотокөрмесі сондай-ақ Шортанды ауданында жалғасын тапты.
Фотокөрме Шортанды аудандық мәдениет үйiнде ұйымдастырылды. Ашылу салтанатында аудан әкiмi Садвакасова Гульнур Ануарбековна сөз сөйледi. Өз сөзiнде аталмыш iс-шаралар өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиелеуiне зор ықпал атқаратынын атап өттi.
Сонымен қатар көрмеге ауылдық және поселкiлiк округ әкiмдерi, мемлекеттiк қызметшiлер, жергiлiктi тұрғындар, Шортанды кентiнiң мектеп мұғалiмдерi мен оқушылары қатысты.
Iс-шара барысында келушiлер естелiкке фото жасап, жақсы әсер алғандарын және көрме ұйымдастырушыларына өз алғыстарын бiлдiрiп облыс тарихы туралы көбiрек ақпарат алғанына қуанышты екенiн айтты.
Айта кетсек, бұл жоба Көкшетау қаласында басталып, өңірдің барлық аудандарына эстафетамен беріледі. «Өлке тарихы - Ел тарихы» жобасының басты мақсаты – кіші Отанының даму тарихын сипаттайтын архивтік-фотографиялық құжаттарды және оның елдің дамуындағы рөлін білу.