Бүгін Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 10,25% деңгейде сақтауға шешім қабылдады. Банктерге өтімділік беру операциялары бойынша мөлшерлеме 11,25%, ал өтімділікті алу операциялары бойынша – 9,25% болды. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі 10,25% деңгейінде сақталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Алматы қ. телевизиялық БАҚ үшін брифингте сөйлеген сөзінде хабарлады.
Базалық мөлшерлеме Қазақстанда бұрынғы деңгейде қалды "(((
Ол атап өткендей, ағымдағы жылғы тамызда Ұлттық Банк мәлімдеген қысқа мерзімді перспективадағы базалық мөлшерлемені төмендету перспективалары аз болды.
«Базалық мөлшерлемені төмендету жағына қарай оның одан әрі серпінінің ықтималдылығы халықтың, сол сияқты бизнестің инфляциялық және девальвациялық күтулерді тұрақтандыруына байланысты», - деді Данияр Ақышев.
Базалық мөлшерлеме бойынша кейінгі шешім, Ақышевтың айтуынша, 2017 жылғы 27 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 17.00-де жарияланатын болады.
Инфляция нысаналы диапазон шеңберінде тұруды жалғастырды
Сонымен қатар, Данияр Ақышев Ұлттық Банктің инфляция бойынша бағалауы оның нақты деңгейіне толық сәйкес келетінін атап өтті.
«Қыркүйекте жылдық инфляция 7,1% болды және нысаналы дәліз ортасында тұр. Қыркүйекте инфляция 0,3% болды» - деді Бас банкир.
Инфляциялық аяның сақталуына халық тарапынан кейінге қалдырылған сұраныс факторы ретінде азық-түлікке жатпайтын тауардың бағасы 8,2%-ға өсуі ықпал етті деп түсіндірді ол.
«Егер өткен жылы халықтың азық-түлікке жатпайтын тауарға шығыстары төмендеген болса, ал ағымдағы жылғы 2-тоқсанның қорытындылары бойынша соңғы 10-тоқсандағы ең жоғарғы мәнге жетті» - дейді Данияр Ақышев.
Азық-түлік тауарларының нарығында соңғы үш ай ішінде бағаның маусымдық баяулау байқалды. Д. Ақышевтың сөздері бойынша, олардың өсімін жылдық көрсеткіш бойынша маусымдағы 9,7%-дан қыркүйекте 7,8%-ға дейін бірталай төмендетті. Халыққа ақылы қызметтің тарифтері өсуі жылдық көрсеткіш бойынша төмен болып қалуда – жылдық көрсеткіш бойынша 5,2%.
«Жеміс-көкөніс өнімінің, энергия тасымалдаушылардың және реттелетін тарифтердің бағасы құбылмалы ауытқуын ескермейтін базалық инфляция тамызда жылдық көрсеткіш бойынша 6,7% болды», - деді қаржы реттеушінің басшысы.
Ұлттық Банктің бағалауы бойынша инфляциялық қор ағымдағы жылдың соңына дейін қалыпты болып қалады. Негізгі инфляциялық қысым кейінгі қалдырылған сұранысты іске асыру, сол сияқты жанар-жағар май материалдары нарығындағы ахуал нәтижесінде азық-түлікке жатпайтын тауарлар жағында сақталады.
Д.Ақышевтың айтуынша, азық-түлік құрылымында инфляциялық қысым жекелеген тауарлар нарығында байқалатын болады, бірақ ол азық-түлік тауарларының негізгі тобы бойынша тұрақты ахуалмен өтелетін болады.
«Ұлттық Банк халықтың инфляциялық күтулерінің тұрақтануына аса мән береді және осы бағытта бар күш-жігерін салуды жалғастырады. Аталған міндеттің маңыздылығы халықтың бағаның болашақтағы өзгеруі туралы болжамдары нақты инфляцияға әсер етуі мүмкін – бұл бәрімізге жақсы таныс және теориялық тұрғыда дәлелденген факт, - деді ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы.
Сондай-ақ, ол қыркүйектегі пікіртерімнің инфляцияның бір жыл бұрынғы сандық бағалануы, тамызда да 2018 жылға нысаналы дәліз шегінде қалып, 6,5% болғанын атап өтті.
«Тұтынушылық кредиттің өскені байқалады, ол жыл басынан бері 11% болды. Тұтынушылық кредиттің өсуі және ынталандыратын фискальды саясат жиынтық сұранысты арттырудың негізгі драйверлері болып табылады», - деп сөзін қорытты Д.Ақышев.
Экономикадағы іскерлік белсенділікті қалпына келтіру жалғасуда
Нақты көрсеткіште экономикалық белсенділік индексі жоғары деңгейде сақталып отыр. Тамызда елдегі жиынтық ұсынысты сипаттайтын қысқамерзімді экономикалық индикатордың артуы жылдық көрсеткіште 7,8%-ды құрады.
«Өсу қарқынының жеделдеуі өнеркәсіпте, саудада, көлік пен байланыс қызметтерінде байқалады. Сыртқы сұраныс өсуде», - деді журналистерге Д.Ақышев.
Оның айтуынша, сондай-ақ құрылыста, ауылшаруашылығында бәсеңдеу байқалады, сондай-ақ әлсіз инвестициялық белсенділік.
«Тауар және шикізат нарықтарындағы ахуал сыртқы сектор тарапынан жағымды ықпал етуі ықтимал. Қыркүйекте мұнай бағасы орташа алғанда бір баррель үшін 55 АҚШ долларынан жоғары деңгейде қалыптасты», - деді Д.Ақышев.
Қорытындылай келе, ол азық-түлікке әлемдік баға серпіні әлемдік астық өндірісінің және қант нарығындағы қайта өндірудің рекордтық көлемі Қазақстанда қысқа және орташа мерзімді болашақта инфляцияның төмендеуіне жағымды ықпал етуі мүмкін екендігін атап өтті.
Ішкі валюта нарығындағы жағдай
Қазіргі уақытта ішкі валюта нарығында басым жағдайда алыпсатарлық факторға байланысты болған құбылмалылық байқалады. Бүгінгі сауда -саттықтың қорытындылары бойынша айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 341,51 теңге деңгейінде қалыптасты. Шетелдік валютаға сұраныстың ұлғаюы соңғы уақытта өскен девальвациялық күтулермен байланысты болды.
«Шетелдік валютаға артық сұранысты қанағаттандыру үшін Ұлттық банк 2017 жылғы қыркүйекте оны сатушы болды. Ұлттық Банктің нетто- интервенцияларының көлемі 69,7 млн. АҚШ доллары болды» - деді Д.Ақышев.
Ол жылдың аяғына дейін Ұлттық Банктің Ұлттық қордан шамамен 1 млрд АҚШ доллары мөлшерінде шетелдік валютаны биржалық валюта нарығында сатуы мүмкін екендігін айтты. Және оны Ұлттық қордың АҚШ долларында, ал бюджетке теңгемен қажет болғандықтан, Ұлттық қордың трансфертінен бюджетке аудару үшін теңгемен қажетті соманы жасау үшін қажет деп түсіндірді.
Қаржы реттеушісінің басшысы қазіргі кезде Зейнетақы қорының бағамдық айырмадан түскен табысын бекіту үшін қолайлы жағдайдың орын алып келе жатқанын айтып өтті.
«Ағымдағы жылы Зейнетақы қоры шетелдік валютаны сатып алған орташа бағам 316,02 теңге болды. Айырбастау бағамы бойынша ағымдағы түзетулер мен шетелдік активтер үлесі бойынша мақсатты деңгейге қол жеткізгенін ескере келгенде, Қазақстанның қор биржасында Зейнетақы қорының шетелдік валютасының бір бөлігі сатылуы мүмкін. Бұл оның салымшылары үшін алынған табысты бекітуге мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Д.Ақышев.
Валюталық нарықтағы ахуал бойынша таяу арадағы күтулерге келсек, Д. Ақышев бәсекеге қабілеттілік жағынан қарағанда сауда әріптестері елдеріндегі валюталарға қатысты теңгенің жете бағаланбауынан, теңгенің бұдан әрі нығаю ықтималдығының жоғары екендігі туралы хабарлады.
«Қазақстанда ақша-кредит талаптары бейтарап деңгейде тұр»
Ішкі ақша нарығында артық өтімділік сақталып отыр, оны Ұлттық Банк көбінесе, қысқа мерзімді ноттар шығару арқылы алып тастайды.
Ол 2017 жылғы 6 қазандағы жағдай бойынша Ұлттық Банктің ақша нарығында өтімділікті таза алуы 1,6 трлн. теңге болғандығын атап өтті. Айналыстағы қысқа мерзімді ноттардың көлемі қыркүйекте 1,8%-ға (2,7 трлн. теңгеге) ұлғайды. Ноттар бойынша кірістілік мерзіміне қарай 8,84-9,66% диапазонында қалыптасты. Осының салдарынан, TONIA мөлшерлемесі базалық мөлшерлеменің төменгі шегіне жақын қалыптасады. 2017 жылғы 6 қыркүйектің қорытындылары бойынша ол 9,25% болды.
Жалпы алғанда, ақша-кредиттік жағдай бейтарап деңгейде тұр. ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының сөзі бойынша, 2017 жылғы тамызда болған салымдардың долларлану деңгейінің біраз көтерілуі басым түрде валютаны қайта бағалауға және валюта нарығындағы жағдайға депозиторлардың қысқамерзімді әсеріне байланысты болды.
«Банктік салымдар бойынша пайыздық мөлшерлеме деңгейі теңгемен жинақтар үшін қолайлы болып қалуда. Бизнес үшін кредиттер бойынша мөлшерлеменің төмендеуі базалық мөлшерлеменің өсуінен кейін келеді», - деді Д. Ақышев.