ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жыл сайын 2 мыңнан астам қылмыстық іс қозғайды.
Бұл туралы аталған агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі жыл сайын екі мыңнан астам қылмыстық істі қозғап, тергеу амалдарын жүргізідеді. Жемқорлық үшін шамамен 1 200-ге тарта адам қылмыстық жауапқа тартылады», - О. Бектенов Орталық коммуникациялар қызметінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Осы орайда ол аталған қызметтің жұмысына өзінің бағасын берді.
«Бұл тұрғыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі айтарлықтай тиімді жұмыс жүргізіп жатыр деп ойлаймын», - деді Олжас Бектенов.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан Еуропа кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы (ГРЕКО) бастамасына қосылды.
Сонымен қатар, О. Бектенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі бүгінде 65 қылмыскерді іздестіріп жатқанын, олардың 33-і шетелде жасырынып жүргенін айтты.