15 нау, 2022 сағат 11:08

Жыл басынан Ұлттық қорға түсімдер 4,5 пайызға артты


Жыл басынан Ұлттық қорға түсімдер 4,5 пайызға артты. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақпанда жалпы халықаралық резервтер 87,5 млрд долларға дейін 161 млн долларға өсті. Оның ішінде алтын-валюта резервтері алтын бағасының өсуіне байланысты 33,5 млрд долларға дейін 132 млн долларға ұлғайды. Ұлттық қордың активтері ақпанда 53,9 млрд доллар болды. Ақпан айында бюджетке трансферттер бөлуді қамтамасыз ету үшін 510 млн доллар сатылды», - деді ол. 

Оның атап өтуінше, Ұлттық қорға жалпы түсімдер осы жылдың басынан бастап 925 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдың ұқсас көрсеткішінен 4,5 есе жоғары. 

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері жыл басынан бастап 533,5 млрд теңгеге немесе 4,1 пайызға ұлғайып, 13,6 трлн теңгені құрады. Осы жылдың басынан бастап есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 534,2 млрд теңгені құрап отыр. Осы жылдың 2 айының қорытындысы бойынша инфляция 1,5 пайыз болса, кірістілік 4, ал нақты кірістілік 2,5 пайыз болды», - деді Ғалымжан Пірматов.