16 шіл, 2021 сағат 16:50

Жыл басынан 1 млн теңгеден аса соманың жалған ақша жасау фактісі анықталған


Биылғы алты айда 1 млн теңгеден астам сомаға қолдан жасалған 336 ақша белгісі анықтады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Былтыр осы кезеңде осындай 390 банкнот айналымнан алынған болатын. 

Көп жағдайда номиналы 2 000 және 5 000 теңгелік купюралар қолдан жасалады – олардың жалпы үлесі 65% және 19%. Қалған 16%-ы басқа номиналдағы банкноттар мен монеталарға тиесілі. Жалған ақшалардың көп бөлігі Алматы (228) мен Нұр-Сұлтанда (43) анықталды», - делінген банктің хабарламасында.