07 ақп, 2020 сағат 11:40

Жүйке ауруына шалдыққан ақтөбелік екі айдан бері табылмай жатыр

Жүйке ауруына шалдыққан Жамбыл Пірмағанбетов екі айдан бері табылмай жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ақтөбе облысының полиция департаменті 2019 жылы 9 желтоқсанда үйінен белгісіз бағытта шығып, осы күнге дейін қайтып оралмаған Жамбыл Пірмағанбетовті іздестірілуде. Ол ІІ топтағы мүгедек, ақыл-есі кем, психологиялық диспансерде есепте тұр. Егер оның орналасқан жері туралы ақпарат болса, полицияға «102» телефоны арқылы хабарласуды сұраймыз», - дейді облыстық ДП баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, жоғалып кеткен науқастың апасы Минюк Веленьязова інісінің ауруханадан жеке куәлік жасату үшін шыққанын, үйге келген соң белгісіз жаққа шығып кеткенін айтты.

«Ол қайда тұратынын, өзінің кім екенін түсіндіре алмайды. Өзге адамдарға зияны тие ме деп қорқамыз», - деді Минюк Веленьязова.