"Журналистер мен жекелеген БАҚ шетелдік агент ретінде таныла ма" - деп тілші сұрақ қойды.
"Бұл біздің әдіс емес. Менің ойымша, біздің елде журналистер мен БАҚ қудаланбайды. Біздің жол - бәсекеге қабілетті әрі аудитория сұранысына ие болуы үшін БАҚ-тың жемісті дамуы", - деп жауап берді министр.
Сондай-ақ, Омаровқа кейбір журналистер мен БАҚ-ты шетелдік қаржыландыру мен гранттардан бас тартуға мәжбүрлеу мүмкін бе деген сұрақ қойылды.
"Әзірге бірде-бір жұмыс тобын құрған жоқпыз, оның қаралып, қаралмайтыны туралы не айтамыз. Бастысы - мемлекеттік мүддені қорғауда БАҚ-ты бірінші орынға қою.
"Мемлекеттік мүдде" мемлекет мағынасында емес, бәріміз туралы, біз - мемлекетпіз. Біз аудиторияға сапалы ақпарат беруіміз керек, жалған, расталмаған ақпараттан аулақ болуымыз керек. Неғұрлым қызықты, сапалы ақпарат болса, соғұрлым аудиториямыз артып, БАҚ-тың егемендігін құрамыз", - деп қосты Омаров.
Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында БАҚ туралы заң мемлекет мүддесін ескере отырып, қайта қаралатынын айтқан болатын. Ол ашық ақпарат кеңістігін, танымал және күшті БАҚ құруға мемлекет ерекше көңіл бөлетінін айтты.