12 қар, 2025 сағат 12:03

"Жүрегі жарылғанша ұрған": Түркістанда 15 жастағы мектеп оқушысы көз жұмды


Фото: pexels
Желіде түркістандық 15 жастағы мектеп оқушысын қатарластары ұрып өлтіргені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Ult.kz

Jagdai kz telegram арнасының жазуы бойынша жасөспірімді зират маңына алдап шақырып, сол жерде қатыгездікпен ұрып-соққан. Жүрегіне тиген соққылардан ол сол сәтте көз жұмған.

«Олар төртеу болған. Кезек-кезек ұрып, сегіз рет соққы жасаған. Барлық соққы жүрек тұсына тиген. Олар дәл сол жерді ғана ұрған, жүрегі тоқтағанша. Жүрегі жарылып кеткен. Ұйқы безі де жаншылып, жарылып кеткен. Ол бірден көз жұмды. Кейін олар бізге оның тек есінен танып қалғанын айтуға тырысты. Мен келген кезде інім шамамен қырық минут бұрын қайтыс болып кеткен еді», – дейді марқұмның ағасы.


Туыстарының айтуынша, баланы бірнеше ай бойы қорқытып, ақша бопсалап келген. Ол әкесіз өскен, физикаға қызығып, ҰҚК қызметкері болуды армандаған.

Полиция қылмыстық іс қозғады. Отбасы кінәлілердің жазалануын талап етуде.