Сурет: polisia.kz
Түркістан полицейлері вахталық жұмысқа орналастырып беремін деп 10 тұрғынды алдаған алаяқты анықтады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Түркістан облысы мен Шымкент қаласы аумағында интернет-алаяқтықтың 10 дерегіне қатысы бар тұрғын анықталды.
Күдікті әлеуметтік желіге "вахталық жұмысқа тұрғызып беремін" деген жарнама салып, жәбірленушілердің сеніміне кірген. Содан тұрғындардың ақшасын алып, өзінің таныстарының есепшотына аудартып отырған.
Келтірілген шығын 1,2 млн теңгені құрайды" - делінген хабарламада.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі "Алаяқтық" бойынша тіркелген. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.