Фото: osdp.kz
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Үкімет басшысы лауазымына Әлихан Смайыловтың тағайындалуына қарсылық танытты, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.
«Бүгінгі кездесуде көтеріліп отырған сұрақ өте маңызды, тағдыршешті десек те болады. Сөз жоқ, біз сіздің 30 жыл бойы әбден былыққа батқан жүйені өзгертемін деген құлшынысыңызды көріп отырмыз. Бірақ оны ертең жүзеге асыратын мемлекеттік аппарат, оның ішінде Үкімет екені анық. Күні кеше өзіңіз де болашақ Үкіметтің алдында бұрын-соңды болмаған ауқымды міндет қойдыңыз. Біз 20 жыл билікке оппозицияда жүріп, халқымыздың әл-ауқатының төмендеуіне Үкіметтің әлсіз әлеуметтік саясаты екендігіне көзіміз жетті. Ал енді бүгін аманаттықтар өз көпшілігін көрсетіп, ұсыныс беріп отыр. Әрине, парламенттік оппозиция ретінде біз ұсынысқа қарсымыз», - деді ЖСДП фракциясының мүшесі Нұрлан Әуесбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан Мәжілістің жалпы отырысында.