Ақтөбедегі Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай 28 наурыздан бастап ашылады. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі осындай шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуе айлағының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.
Билеттерді айырбастау, қайтару, ұшу уақытын ауыстыру мәселелері бойынша билет сатып алған жерге хабарласу керегі айтылды.
Сондай-ақ, Ақтөбе әуежайында биыл жаңа бағыттар ашылатыны, одан ары дамитыны белгілі болды.
Еске салайық, әуежайдың ұшу-қону жолағы жөндеуді қажет еткен еді. Оны тексеру барысында Ақтөбе облысы әкімдігінің, Азаматтық авиация комитетінің, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің, Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайының, сондай-ақ, Air Astana, SCAT және Qazaq Air авиакомпанияларының өкілдері әуеайлақ плиталарының бүлінгенін, сынғанын анықтады.
Жөндеу жұмыстары 17-27 наурыз аралығында жүргізілді.
962 рет оқылды