Жомарт Ертаевпен бірге 54 адам, соның ішінде банктің 41 топ-менеджері мен қатардағы жұмысшылары ақша жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұдан бұрын Қазақстанға Б.Ибрагим, И.Мажинов, Д.Туғанбай, Д.Едігенев, А.Мамырбеков, Т.Шәріпов және басқалар экстрадицияланды.
Еске салайық, Жомарт Ертаев 2018 жылдың мамырында Мәскеуде Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша ұсталды.
ҚР ІІМ ақпараты бойынша, ол ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған. «Ол «Bank RBK» АҚ директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі бола отырып, жалған ЖШС-ның 80 млн АҚШ доллары сомасында банктен қарыз алуына ықпал еткен. Сондай-ақ, қарызды қайтармау мақсатындағы әрекеттерді жүзеге асырған», - делінген хабарламада.