06 қаң, 2020 сағат 10:53

Жомарт Ертаев кінәсін мойындады

Жомарт Ертаевтың ісі бойынша басты сот отырысы Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында өтіп жатыр, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сот процесі Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтіп жатыр. Сот залында 37 сотталушы отыр. Қылмыстық іс 700 томнан, ал айыптау актісі 3600 парақтан тұрады. Сонымен қатар судья сотталушыларға олардың құқықтарын да оқып берді.

«Кінәмді толық мойындаймын», - деді Ертаев мемлекеттік айыптаушының сөзінен кейін.

Бұған дейін Жомарт Ертаевтыңң ісіне қатысты соттың басталғанын хабарлаған болатынбыз. Естеріңізге сала кетейік, Жомарт Ертаев өткен жылдың мамырында Мәскеуде ҚР ІІМ Интерполдың Ұлттық орталық бюросының өтініші бойынша ұсталған болатын. ҚР ІІМ мәліметінше, Ертаев аса ірі көлемдегі алаяқтығы үшін халықаралық іздеуде болған.