Фото: Алматы облысы ПД
Алматы облысында күдікті уақытша ұстау изоляторынан қашып кетті. Ол зорлау бойынша күдікке ілінген, - деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Оны ұстау үшін арнайы "Сирен" жоспары енгізілген.
"Негізгі маршруттарда блокбекеттер қойылған және барлық күш пен құралдар қашқынды іздеуге және ұстауға бағытталған. Сонымен қатар, қашудың мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалды", - деп хабарлады Алматы облысы ПД.
Баспасөз қызметі бұл жағдай облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында екенін хабарлады.
Бұл ретте, желі қолданушылары Талғар тасжолында ұзын-сонар кептеліс болғанын хабарлады. Полиция барлық көліктерді тексеріп жатыр.