Қостанай облыстық соты Тальго пойызының екі жолсерігіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жолсеріктер Жетес Үмбеталиев пен Қолқанат Құрманиязов Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бөлігінің 1-тармағы (зорлау) бойынша кінәлі деп танылды. Олар 2 жыл 6 айға жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Жолсеріктердің ісіне қатысты сот шешімімен "НеМолчиKZ" қоғамдық қозғалысының жетекшісі Дина Таңсәрі (Смайылова) өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Құқық қорғаушы Дина Смайылованың айтуынша, сот аталған оқиғаны топпен жасалған зорлау әрекеті деп таныған жоқ. Ал бір сотталғанның үйқамақтағы мерзімін ескере отырып, бас бостандығынан айыру жазасын үш айға шегерді.
"Сот әрбіреуіне 2,6 жылдан берді. Ал үйқамақта отырғанның жазасын үш айға шегеріп тастады. Негізі, сот ең төменгі жазаны тағайындады. Ондай жаза тек өз кінәсін мойындаған адамдарға ғана беріледі. Ал олар кінәсін мойындамақ түгіл кешірім сұраған да жоқ. Енді, жалған ақпарат таратып жатыр. Біз осы мәселені ары қарай көтеретін боламыз", - деді Смайылова.