Көрнекі фото: pixabay.com
Жолаушы Астана әуежайы арқылы 160 мың АҚШ долларын (72 миллион теңгеден астам) алып өтпек болған.
Астана халықаралық әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметі ұшу алдында тексеру жүргізу кезінде жолаушының багажында шамамен 160 000 АҚШ доллары барын анықтаған.
Құқықбұзушы жолаушы ақшамен бірге тиісті органдардың қызметкерлеріне берілді.
"Президенттің "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2022 жылғы 14 наурыздағы шаралар туралы" Жарлығына сәйкес, 10 000 АҚШ долларынан асатын сомада шетел валютасын қолма-қол әкетуге тыйым салынады", - дейді Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.
Бұл - жыл басынан бергі екінші жағдай, ал былтыр 98 жағдай тіркелген.