Алматы полициясы жол ережесін бұзғаны үшін айыппұлдар жүргізушінің телефонына келетінін хабарлады.
Департамент таратқан ақпаратқа сәйкес 2020 жылдың қаңтарынан бастап ҚР ӘқбК 743-бабының 4-1 бөліміне толықтыру енгізілген.
«Айыппұлды төлеу туралы хабарландыру хаты мәтіндік хабарлама ретінде egov порталында көлік иесі өзі көрсеткен ұялы байланыс нөміріне жіберіледі. Бұл бапқа сәйкес әкімшілік жазаға тартылған тұлға өзі көрсеткен мекенжай мен электронды пошта, телефон нөмірін дұрыс көрсетуге міндеттеледі», - деді қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.
Аталған баптың 6-7 бөлімдеріне сәйкес адресат хабарламаны алудан бас тартқан жағдайда бұл туралы құзырлы органның лауазымды тұлғасына мәлімет жіберіледі.
Алайда бұл әкімшілік іс қозғауға кедергі болмайды.