14 қар, 2019 сағат 10:41

Жол бойындағы дәретхананы ретке келтіре алмай отырып, сервис жайында қалай айтамыз – Тоқаев

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев туризм саласын дамытудағы кедергілерді атады, деп хабарлайды  "Ұлт ақпарат".

«Біз үнемі Ақмола облысы айтарлықтай табиғи-рекреациялық ресурстарға және мәдени мұра нысандарына бай екенін айтамыз. Бірақ, оның туристік әлеуеті толыққанды пайдаланылмай отыр. Бүгінгі күні туристік саланың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 0,5 пайыздан аспайды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте.

Осы орайда Мемлекет басшысы туристер легіне тосқауыл болатын айтарлықтай факторлар бар екенін баса айтты.

«Ең қажетті жол бойындағы дәретханаларды тәртіпке келтіре алмай отырып, сервис жайында қалай айта аламыз?!», - деген Қазақстан Президенті жол бойындағы дәретханалардың жиіркенішті жай-күйі үнемі көтеріліп келе жатқанына баса назар аудартты.