03 сәу, 2017 сағат 10:33

Жоғарғы сот Бақытбек Есентаевқа қатысты үкімді қайта қараудан бас тартты

ҚР Жоғарғы соты Баян Есентаеваның бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевқа қатысты үкімді қайта қараудан бас тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Жоғарғы соты сотталушының адвокаты мен зардап шегуші Баян Есентаеваның өтініш хаты бойынша Бақытбек Есентаевқа қатысты үкімді қайта қараудан бас тартты», - делінген еліміздің жоғарғы сот органының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың  13 қараша күні Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Берікжан Байжүнісов Бақытбек Есентаевқа қатысты сот үкімін жария етті. Судья қатаң режімдегі колонияда 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Алайда, қос тарап сот үкімімен келіспеді. Аппеляциялық шағым түсірді. Қорғаушылардың пікірінше, Бақытбек Есентаев өзінің бұрынғы әйелін өлтіруге оқталмаған.

Б. Есентаев ҚР ҚК-нің 24-бап 3-бөлімі, 99-баптың 2-бөлімі 10-тармағы (зорлаумен немесе сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерiмен ұштасқан адам өлтiруге оқталу) 120-баптың 1-бөлімі (зорлау) 121-баптың 1-бөлімі (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша айып тағылған еді.