Есіл өзенінен Петропавл қаласының жоғалып кеткен 29 жастағы тұрғынының денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Солтүстік Қазақстанда бірнеше күн бойы жоғалып кеткен Петропавл қаласының тұрғыны іздестірілген болатын. 7 тамыз күні таңертең Есіл өзеніне жақын тоғаннан 1990 жылы туған Салықов Сағындық Ерденұлының денесі табылды. Мәйітте ешқандай жарақат белгісі жоқ. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жөнелтілді», - делінген СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Жас жігіт 3 тамызда жоғалып кеткені хабарланып отыр. Соңғы рет Хименко– Жағалау көшесіндегі сауда үйінің камерасына жас жігіттің Есіл өзеніне беттеп бара жатқаны түсіп қалған.