19 там, 2019 сағат 10:59

Жоғалған альпинистерді табуға қырғыз тарапы көмектеседі деген үміттеміз – Сағынтаев

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тауда қазақстандық альпинистер тобының жоғалып кетуіне қатысты Instagram арқылы пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Таң ата жайсыз хабар жетті. Іле Алатауының қырғыз жағында қазақстандық бір топ альпинист із-түзсіз жоғалып кеткен. Жігіттеріміз Қырғызстан аумағында болғандықтан, Сыртқы істер министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің байланыста жұмыс істегені жөн. Құқық қорғау органдары іздеу-құтқару жұмыстарын бастады. Хан тәңірі тауынан іздестіру орнына құрамында тауда жаяу жүріп іздейтін құтқаратын топ бар тікұшақ жіберілді. Қиындығы сол, тікұшақ биік шыңдардың үстімен ұша алмайды. Шыңның биіктігі - 4500 метр. Одан әрі қарай іздестіру тобы мен еріктілер жұмыстарын бастайды. Қырғыз әріптестеріміз қолдау көрсетеді деп сенеміз», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін алматылық альпинистер тобының жоғалып кетіп, біреуінің қайтыс болғанын жазғанбыз. 

Кейінірек жоғалған альпинистердің бірінің қызы әлеуметтік желі арқылы қалың көпшіліктен көмек сұрады.